Cағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 млн 677 мың 595 азамат дауыс беру бюллетенін алды. Бұл тізімге енгендердің 37,54 % пайызы.
Әзірге Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Онда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 45,73 % өз таңдауын жасаған. Одан кейін Ақмола облысы белсенді. Көрсеткіш- 44,66 %. Үздік үштікті Түркістан облысы түйіндейді. Мұнда азаматтардың 44,13 % референдумға қатысты. Әзірге Алматы тұрғындарының белсенділігі ғана төмендеу. Халықтың 14,85 % өз таңдауын жасады. Атап өтейін азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды. Жалпы дауыс беру тізіміне 12 млн 461 мың 796 азамат енгізілді. Бұл облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың комиссиялары ұсынған деректер.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #дауыс беруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz