Медиажобаның ерекше қатысушысы көрермендерді көркем бимен тәнті етті.
Ал 15 тілде ән айтатын Ұлттық Ұлан Ерлер хоры патриоттық сарында өнер көрсетті. Әлемнің әр аймағынан бүгінгі референдумда дауыс беру барысына қатысты да сағат сайын ақпарат беріліп жатыр. Онлайн марафонда тағы қандай қызық бар?
Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:
- Марафонның тақырып ауқымы өте үлкен. Медиажоба 5 бағытта қатар жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде ерекше көзге түскені – Инновация алаңы. Онда жасанды интеллект жобалары, роботтар, отандық стартаптар мен IT өнімдер таныстырылып жатыр. Медиа шарада алғаш рет инновация алаңы іске қосылды. Онда отандық өнертапқыштардың ерекше жобалары көрсетіледі. Атап айтқанда, механикалық жүрек жобасының авторы Аделия Анаш, айтпақшы бұл жүрек болашақта адам ағзасына салынуы мүмкін. Одан бөлек, ДЦП диагнозы бар адамдарға өте қолайлы жасалған жаңа арба, сондай-ақ майтабан диагнозын анықтауға арналған «ақылды» ұлтарақ» жобалары көпшілік назарына ұсынылады.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт сөндіруге арналған роботтың мүмкіндіктерін таныстырады. Сондай-ақ сұхбат, өнер алаңдары да кезек-кезек жұмыс істеп тұр. Онда әлеуметтік маңызы бар тақырыптарға қатысты пікірталас дебат түрінде өтті. Қазақстанда инклюзивті қоғам құру тетіктері талқыланды. Еліміздің әлеуметтік мемлекет моделінен, тең мүмкіндіктер мемлекеті моделіне ауысу және осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Марафонда Тұңғыш рет осы голограмма шоу көрсетіледі. Еске салайық, осының бәрін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Тегтер #референдум 2026 #онлайнмарафон #робот жүргізушіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz