RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да дауыс берушілердің белсенділігі жоғары

15.03.2026, 13:51 77

Батыс Қазақстан облысында 489 дауыс беру учаскесі болса, соның 136-сы облыс орталығында орналасқан.

Өңірде 446 391 азамат бүгінгі референдумға қатысып, Ата заңға қатысты қалауын білдіруге құқылы. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев те бүгін көпшілікпен бірге өз таңдауын жасады. 

№521 референдум учаскесі Каримуллин көшесіндегі ақпараттық технологиялар колледжінде орналасқан. Учаскеде 2928 дауыс беруші тіркелген. Көпшілікпен бірге референдумға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев бүгінгі шараның елдің ертеңін айқындаудағы маңызын атап өтті. «Референдум – әрбір азаматтың өз тағдырына, мемлекет ісіне тікелей араласуына берілген шынайы мүмкіндік», - дейді аймақ басшысы.

Нариман Төреғалиев, БҚО әкімі:

- Дауыс берушілер өте көп. Халықтың белсенділігін көріп отырмын. Сондықтан да енді бүгін батысқазақстандықтар өз таңдауын жасайды деген үлкен сенімдемін. Бүгін байқағанымыздай, осы елдің болашағына, жалпы ұрпағымыздың тағдырына алаңдамайтын жан жоқ. Елдің болашағы үшін бүгін өз таңдауымды жасадым. Сондықтан барша батысқазақстандықтарға үлкен алғысымды айтқым келеді.

Елдің ертеңіне қатысты таңдау жасаған тұрғындардың белсенділігін нақты сандар дәлелдейді. Орталық референдум комиссиясының сағат 12-дегі мәліметі бойынша, референдумның алғашқы 4 сағатында өңірдегі дауыс беру құқына ие 446 391 азаматтың 36,59%-ы өз ұстанымын білдірген.

Әділ Жоламанов, БҚО Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- Сайлаушылардың келуі, азаматтардың келуі өте жоғары деп айтуға болады. Соның ішінде қазіргі уақытта аудандар бойынша Қаратөбе ауданында, көршілес Бөкей ордасы, Сырым аудандарында қатысушылардың саны жақсы. Сонымен қатар тәуелсіз мемлекеттер миссиясынан да байқаушылар қатысып, референдумды қадағалап жатыр. Жалпы ешқандай заң бұзушылықтар қазіргі уақытта анықталған жоқ.

Өңірдегі референдумның өту барысын барлығы 800-ден астам байқаушылар бақылауда.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz