Астана мен Алматы қалаларындағы референдум учаскелерінде елдегі саяси партиялардың төрағалары мен мүшелері өз таңдауларын жасады.
Олардың қатарында Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол», «Ауыл», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Respublica және «Байтақ» жетекшілері бар. Дауыс бергеннен кейін Ермұхамет Ертісбаев референдум алдында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Оның сөзінше, партия мүшелері ел бойынша еңбек ұжымдарымен мыңнан астам кездесу өткізген. Ал «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев пен Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров азаматтардың жоғары белсенділігін атап өтті. Олардың айтуынша, кейбір учаскелерде таңғы сағат 10:00-ге дейін сайлаушылардың келуі 20 пайыздан асып кеткен. «Ауыл» партиясының жетекшісі Серік Егізбаев ауылдық аумақтардың мүддесін қорғау мәселесіне тоқталды. Ал «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Негізгі заң жобасында экологиялық нормалардың бекітілуінің маңызын атап өтті. Ал Асхат Рахымжанов азаматтық міндетін орындап, референдум мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық келісімді жаңартатынын айтты. Саясаткерлердің пікірінше, барлық партиялық күштердің референдумға қатысуы қоғамның елдегі жүйелі өзгерістерге дайын екенін көрсетеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #партиялар #референдум 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz