RU
Толық нұсқаға өту

Референдум – 2026: 6 млн-нан астам азамат дауыс берді

15.03.2026, 15:15 78

Cағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 млн 471 мың 378 азамат дауыс беру бюллетенін алды.

Бұл тізімге енгендердің 51,93 % пайызы. Әзірге Қызылорда облысы көш бастап тұр. Онда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 64,63 % өз таңдауын жасаған. Одан кейін  Ақтөбе облысы белсенді. Көрсеткіш -  61,37 %. Үздік үштікті Ақмола облысы түйіндейді. Мұнда азаматтардың  61,05 % референдумға қатысты. Әзірге Алматы тұрғындарының белсенділігі ғана төмендеу. Халықтың 21,68 % өз таңдауын жасады. Атап өтейін, азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды. Жалпы дауыс беру тізіміне 12 млн 461 мың 796 азамат енгізілді. Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz