RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте 363 дауыс беру учаскесі жасақталды. LIVE

15.03.2026, 18:45 72

Шымкентте 363 дауыс беру учаскесі жасақталып, 695 мың адам дауыс беру құқығына ие.

Таңсәріден қарапайым тұрғындармен қатар қоғам қайраткерлері, спортшылар мен мәдениет өкілдері белсенділік танытып жатыр.

Нұрсұлтан Мұхамеджан тілші:

- Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан саяси науқан нағыз мерекелік сипат алды. Учаскелерге ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, ерекше сәнденіп келген тұрғындар көп. Ақсақалдар батасын беріп, жастар жағы белсенділік танытып жатыр. Мерекелік көңіл-күйді еселей түсу үшін кейбір учаскелерде алғашқы дауыс берушілерге құнды кітаптар мен естелік сыйлықтар табысталды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бұл жолы дауыс берушілердің саны өткен науқанмен салыстырғанда 35 мың адамға артқан. Сондай-ақ 27 510 жас алғаш рет өз таңдауын жасайды. 

Нұргүл Орынбек, қала тұрғыны:

- Мен бүгін алғаш рет референдумға келіп, дауыс беріп жатырмын. Бұл менің өмірімдегі ең маңызды сәттердің бірі. Менің ойымша, әр Қазақстан азаматы өзінің елінің болашағына бейжай қарамай, дауыс беруі керек деп ойлаймын.   

Ардақ Монтаев, саясаттану кафедрасының меңгерушісі:

- Біздің еліміз демократиялық жүйелі мемлекет. Сонықтан да осының басты көрсеткіші ол халықпен кеңесе отырып, елімізге маңызды шешімдерді берге қабылдау. Соның көрсеткіші осы референдум. Сондықтан да әрбір азаматтың пікірі азаматтық борышы десек те болады. 

Байқағанымыздай, қала жұртшылығы қай кезде де саяси науқанда білсенділік танытып келеді. Осы сағатта тұрғындардың басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгірді. Бәрі де ел ертеңіне сеніммен қарап, өз даусының маңызға ие екенін атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz