Ол «Келешек мектеп» жобасы аясында салынған жаңа білім ордасында орналасқан.
Бұл қаланың оңтүстік бөлігіндегі Достық шағын ауданы тұрғындары үшін қолайлы. Енді жергілікті тұрғындар қоғамдық-саяси шараларға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік алып отыр. Дауыс беру учаскесі барлық қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жаңа референдум учаскесіне шамамен 2 мыңға жуық тұрғын тіркелген.
Айнұр Бекбаева, №596 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
- Адамдардың келіп жатқан легі өте көп. Мен соған өзім қуанып отырмын. Жаңа айтып кеткендей, сегіз жылдай тәжірибем бар. Сол сегіз жылдың ішінде мен осындай халықтың келіп отырғанын бірінші рет көріп отырмын. Барлық жағдай жасалған әсіресе мынау мүмкіндігі шектеулі адамдарға керемет жағдай жасалып отыр. Олар өз дауыстарын беру үшін әдейі бұрыш бар. Сол арнайы бұрышта керекті ақпаратты ала алады. Сонымен қатар сағат 12-ге дейін біз үйде дауыс беретін адамдардан өтініш жинаймыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конституция #референдум 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz