RU
Толық нұсқаға өту

Референдумға жастар белсенді қатысып жатыр

15.03.2026, 16:22 66

Жастардың саяси сауаты артып келеді. Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға олар белсенді қатысып жатыр.

«JASYL EL» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабының басшысы Нұрасыл Жасұланұлы осылай дейді. Оның айтуынша, ұйым мүшелері жалпыұлттық коалиция құрамында жүріп, кейінгі буынға науқанның маңызын түсіндірген. Бүкіл елде жүргізілген жұмыс нәтижесін беріп, бүгін көптеген кері байланыс түсіп жатқанын жеткізді.

Нұрасыл Бекматов, «JASYL EL» Жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы:

- Жастар саяси науқанды түсініп келе жатыр. Өйткені олар өздерінің азаматтық позициясын білді, түсінді. Заң жобасы халықтың таңдауына ұсынылды. Бұл жерде халық өзінің келісетінін не келіспейтінін ашық түрде бағалай алады. Халық өзіне қажетті деп есептесе, өзінің болашағын сонымен байланыстырса, барып дауыс беру керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz