RU
Толық нұсқаға өту

Әскери қызметшілер референдумға қатысты

15.03.2026, 16:25 78

Қарулы күштердің әскери қызметшілері де бүгін республикалық референдумнан шет қалмады.

Айта кетерлігі, елдегі әскери бөлімдер мен мекемелер аумағында 24 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Мерзімді әскери қызметтің сарбаздары мен әскери госпитальдарда ем алып жатқан әскери қызметшілердің азаматтық қалауын білдіруге тиісті жағдай жасалды. Ал офицерлер мен келісімшартпен қызмет ететін әскерилер тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде дауыс берді. Сонымен қатар әскери оқу орындарының курсанттары, әскери академия тыңдаушылары және іссапармен шетте жүрген 2 мыңнан астам әскери қызметші шетелдік учаскелерге барып, референдумға қатысты.

Асқар Мұстабеков, ҚР Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары:

- Жеке құрамның референдумға қатысуы ұйымдасқан түрде және сайлау заңнамасының барлық талаптарына толық сәйкес өтті. Әскери қызметшілер, еліміздің барша азаматтары қабылданатын шешімдердің мемлекет болашағы үшін маңыздылығын түсініп, жоғары азаматтық жауапкершілік танытты.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz