RU
Толық нұсқаға өту

Семейде 104 жастағы әже референдумда өз таңдауын жасады

15.03.2026, 18:15 61

Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмағандықтан кейуана үйінде дауыс берді. Саяси науқаннан шет қалмаған әже ізгі ниеті мен жылы лебізін білдірді.

Жалпы Абай облысында референдумға қатысуға құқы бар азаматтардың саны 400 мыңнан асады. 2 мыңнан астамының мүгедектігі бар.

Бижамал Қаржаубаева, тыл ардагері:

- Ғасырдан ғасырға Қазақстан халқы бейбітшілік заманда болсын. Бәріңе амандық тілеймін, еңбек етіңдер халқыңа. Елің, халқың сүйеніп жүрсін, абыройлы болған атақтарыңа. Барлықтарыңа рақметімді айтамын.

Нұржан Сағымбеков, №58 референдум учаскесінің төрағасы:

- Жалпы 1884 дауыс беуші тіркелген соның ішінде дауыс беруге арналған үй жайдан тыс дауыс берушілер саны өтіні бойынша 12-ге дейін 21 адам тіркелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz