Мұндай ақпаратты Алматының Қоғамдық коммуникациялар орталығында республикалық референдумның өту барысына арналған брифингте байқаушылар айтты.
Алматыдағы түсіру тобымыз кезекті учаскеден тікелей ақпарат беруге дайын. Дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр?
Гүлжан Көленқызы, тілші:
- Біз №250 учаскеге келдік. Қазір бір сағатқа жетер-жетпес уақыттан соң дауыс беру аяқталады. Дегенмен, учаскеде әлі адам аяғы үзілген жоқ. мемлекеттің ертеңін бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар келіп дауыс беруде. Дауыс беру белгіленген тәртіп бойынша өтуде. Дауыс беру рәсімінің ашықтығы қамтамасыз етілген. Учаскедегі процесті қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бақылап отыр. Жалпы байқаушылардың қатысуы дауыс беру рәсімінің ашық әрі әділ өтуіне ықпал етеді.
- Дауыс беру қалай өтуде? Учаскеде қанша байқаушы тіркелген?
Күлжан Шажабаева, №250 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
- Статистикаға тоқтала кетейік... Орталық референдум комиссиясының мәліметінше сағат 18:00-гі жағдай бойынша Алматыда дауыс беруге құқы бар азаматтардың 32,82 проценті өз таңдауын жасады. Референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қорытынды учаскелердегі дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санаған соң шығарылады.
Тегтер #Алматы #референдум 2026 #дауыс беру #заң бұзушылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz