Астанадағы 30 учаскеде шағын Халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылған.
Яғни тіркеуі жоқ азаматтардың дер кезінде учаскеге тіркеліп, дауыс беруіне бар мүмкіндік қарастырылған. Қазір әріптесіміз Назым Кенжебай 250 учаскеден қосылуға дайын. Дауыс беру қалай жүріп жатыр?
Назым Кенжебай, тілші:
- Ауызашардан кейін референдум учаскесінде кісі қарасы қалыңдады. Мәселен, мен қазір бас қаладағы Нұра ауданына қарасты 250-учаскеде тұрмын. Қазіргі бар ақпаратқа сүйенсек, мұнда тіркелген дауыс берушілердің 4-тен бір бөлігі өз таңдауларын жасап үлгерді. Қалғандары, мінеки қас қарайғанда, шаруаларын аяқтап, ақырындап кеп жатыр. Жалпы бұл жерге 3 мыңға жуық азамат тіркелген. Референдум учаскесі балабақша ғимаратында орналасқандықтан мемлекеттік маңызды шараға қатысып жатқан жандар көбіне балаларымен кеп бой көрсетуде. Бұған қоса, егде жастағы тұрғындар да таңертеңнен бері белсенділік танытуда. Ендеше саяси науқан жайлы пікіріне құлақ түрсек.
Тегтер #егде жастағы адамдар #референдум 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz