RU
Толық нұсқаға өту

Референдум байқаушылар назарында

15.03.2026, 18:35 74

Атырау облысында 416 мыңнан аса адам дауыс беру құқына ие. Бүгінгі «Амал» мерекесіне тұспа-тұс келген саяси науқанда учаскелерде жәрмеңкелер ұйымдастырылып, өнерпаздар тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауда.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Бүгін таңертең сағат 07:00-ден бастап облыс бойынша барлығы 276 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде. Оның 265-і ашық, ал 11-і жабық форматта ұйымдастырылған. Жалпы өңірде 416 мың 619 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Дауыс берушілердің қажеттілігіне қарай, 137 инватакси, 27 сурдоаудармашы жұмыс істеуде. Сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша оның 64,33 пайызы өздерінің азаматтық құқығын білдіріп үлгерді. Референдум күні Атырауда 11 республикалық және 17 өңірлік қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым өкілдері саяси науқанның өту барысын бақылауда.  

Дәурен Сейітқалиев, «Дауыс» байқаушылар коалициясының өкілі:

- Қазіргі уақытта Атырау облысында 265 ашық учаске бар. Барлық учаскеде «Дауыс» байқаушылар коалициясының өкілдері тренингтен өткен, бәрі заң талаптарын білетін байқаушылар. Атырау облысы бойынша 7 ауданның барлығында және қаланың барлық учаскелерінде байқаушы ретінде отыр. Соңына дейін отырады. Учаскелерде бюллетень санаған уақытта да болады.  Протокол шыққанға дейін, соңына дейін боламыз.

Мұнайлы өңірдегі кен алаңдарында  вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің де дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, «Теңіз» кен орнында 8 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Қазір «Теңіз» кенішінде 10 мыңнан аса адам еңбек етуде. Оларды дауыс беру учаскелеріне тасымалдау үшін автобустар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар Каспий қайраңынан мұнай өндіріп жатқан «Қашаған» кен алаңындағы мұнайшылардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін комиссия мүшелері арнайы тікұшақпен барды. Өңірдегі референдум учаскелерінде жәрмеңкелер де ұйымдастырылуда. Халықтық мерекемен тұспа-тұс келген саяси науқан күні өнерпаздар мен театр әртістері ұлттық нақыштағы киімдерімен дауыс беруге барып, мерекелік көңіл күй сыйлап жатыр.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz