Cонымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 8 млн 845 мың 280 азамат дауыс беру бюллетенін алды.
Бұл тізімге енгендердің 70,98 пайызы. Көш басында Қызылорда облысы тұр. Онда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 91,80% өз таңдауын жасаған. Одан кейін Шығыс Қазақстан тұрғындары белсенді. Көрсеткіш- 83,63%. Үздік үштікті Ақтөбе облысы түйіндейді. Мұнда азаматтардың 83,12% референдумға қатысты. Ал Алматы тұрғындарының 32,82 % таңдау жасады. Жалпы дауыс беру тізіміне 12 млн 461 мың 796 азамат енгізілді.
Тегтер #референдум 2026 #дауыс беру #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz