RU
Толық нұсқаға өту

Филиппиндік бақылаушылар референдумның ұйымдастырылуын жоғары бағалады

15.03.2026, 21:36 47

Олардың айтуына қарағанда қысқа уақыт ішінде мұндай ауқымды жұмысты тиімді ұйымдастыру – үлкен еңбектің нәтижесі. 

Шетелдік өкілдер әсіресе сайлау учаскелеріндегі жұмыс барысына назар аударған. Олар мұнда көрген тәжірибені зерделеп, болашақта Филиппинде өтетін сайлауларда қолдану мүмкіндігін қарастыратынын айтты. Сонымен қатар байқаушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайды ерекше атап өтті. Учаскелерде есту қабілеті нашар және көзі көрмейтін адамдарға арналған арнайы мүмкіндік қарастырылған. Брайль қарпі, компьютерлер, аудиоформаттағы жүйелер және басқа да техникалық құралдар қолжетімді болды.

Ховенсио Баланкит, Филиппин Республикасы сайлау жөніндегі аймақтық директор ассистенті:

- Бүкіл процесс өте ашық болды.. Біз бәрін өз көзімізбен көрдік: бюллетеньді қалай алады және оны жәшікке қалай салады — әр кезеңдегі процесті анық байқадық. Көптеген адам келіп дауыс беріп жатты. Жалпы, ұйымдастыру жұмысына қатты таңқалдым. Жалпы, бізді бақылаушы ретінде шақырғанына өте қуаныштымын. Себебі Референдум ел үшін маңызды кезең.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz