Дауыс беру басталған сәттен экзитпол өкілдері де қызу жұмысқа кірісті.
«Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының өкілдері әр өңірлерде сауалнама алды. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында ұйымның ондаған мүшесі төрт учаскеде дауыс берушілермен тілдесіп, қандай таңдау жасағанын жазып алды. Экзитпол өкілдері сайлау учаскелерінің тек сыртында жұмыс істеді.
Мөлдір Марат, exit-poll тобының жетекшісі:
- Дауыс берушілер легі белсенді түрде қатысуда. Әрбір ҚР кәмелетке толған азаматтары арасында жүргізілуде бұл сауалнама. Ешкімді қинамаймыз және респонденттерден ешқандай жеке дерегі сұралмайды. Тек зерттеу мақсатында пайдаланылады.
Тегтер #Ұлытау облысы #Exit poll #24KZ #референдум 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz