RU
Толық нұсқаға өту

Бельгияда дауыс беру кезінде заң бұзушылық тіркелген жоқ

15.03.2026, 23:54 44

Еуропадағы дауыс беру учаскесі Астана уақытымен тура түнгі 12-де жабылады.

Соңғы сағаттарда конституциялық құқығын пайдалануға асыққан отандастарымыздың белсенділігі байқалды. Бельгия мен Люксембургте оқу немесе жұмыс бабына байланысты уақытша жүрген 150-дей отандасымыз таңертеңнен бастап Брюссельдегі Қазақстан елшілігі жанынан ашылған №405 учаскеде дауыс берді. Комиссия мәліметінше, саяси іс-шара кезінде ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Барлығы белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылды.

Мұрагер Сауранбаев, №405 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Тіркелген азаматтардың 85 пайызы дауыс беріп үлгерді. Ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Азаматтарымыз Бельгияның әр провинциясынан келіп, арнайы уақыттарын бөліп, осы демалыс күндерін елшілікте өткізіп жатыр. Дауыс беруден бөлек Наурыз аясындағы жайылған дастарханды бір-бірімен тілдесіп, пікір алмасып, алдағы өтетін іс-шараларға белсене қатысатындығын білдіріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz