RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте дауыс беру талапқа сай өтті

16.03.2026, 00:21 39

Шымкентте дауыс беру учаскелері бекітілген талаптарға сай жұмыс істеді.

Тұрғындардың саяси науқанға деген белсенділігі жоғары болды. «Дауыс» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының мәліметінше, заң бұзушылық тіркелмеген. Байқаушылар тобы әр учаскедегі жалпы ахуал мен халықтың көңіл-күйін жіті бақылады. Барлық ақпарат әлеуметтік желілерде ашық жарияланады. Жалпы өңірде 363 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді.

Ролан Қонысбеков "Дауыс" республикалық ҚБ филиалының төрағасы:

- Ашық тұрған дауыс беру учаскелерінің бәрінде біздің өкілдеріміз жұмыс істеп жатыр. Ол кісілермен бізде арнайы мобильдік топ бар. Қазіргі таңда ешқандай бір тәртіп бұзушылық, заң бұзушылық анықталған жоқ. Әлеуметтік желіде жариялап отырамыз. Әрбір сағат сайын толық мәлімет беріп отырамыз. Бізбен бірге халық та байқаушы былай айтқанда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz