Жетісу облысының тұрғындары да конституциялық референдумға белсене қатысты.
Әсіресе, тұтас ауыл болып дауыс берген елдімекен бар. Мысалы Басши ауылында учаскеге бір мезетте 100 адам, ал Көксу ауданының 10 жылдық Қазақстан ауылында 200 адам келді. Жаппай дауыс беру бойынша Қаратал ауданының Кәлпе ауылы көш бастады. 14 көшенің тұрғыны яғни 400 адам бір уақытта өз таңдауын жасады. Осылайша олар өздерінің бірлігін паш етіп, елдің саяси өміріне бей-жай қарамайтынын көрсетті.
Нұрдос Раев, Басши ауылының тұрғыны:
- Бүгінгі күн еліміздің болашағы айқындалатын маңызды шешім қабылданатын күн деп есептеймін. Мен өз таңдауымды жасадым. Өз таңдауымызға сенеміз. Әрі қарай Қазақстан Республикамыз жақсы болуына көркеюіне өркендеуіне сеніміміз мол.
Тегтер #Жетісу облысы #референдум 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz