Атырауда кәсіптік білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізуге арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Алқалы жиынға өндіріс пен білім беру саласының жетекші мамандары, халықаралық серіктестер, сарапшылар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Білім беру саласындағы тың бастамалар мен жобалар таныстырылды. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының «New Land Technology» компаниясымен бірлескен AI Lab+ зертханасы ашылды. Бұған қоса, әр өңірден келген студенттер арасында WorldSkills стандарттарына сәйкес жолдастық чемпионат өтті.
Асылбек Нұрмышев, APEC Petrotechnic жоғары колледжінің директоры:
- «АІ Орта»: өндіріс пен білімнің үндестігі» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық дәрежедегі ғылыми-практикалық конференция Президентіміздің Жолдауында қарастырылған цифрлық, жасанды интеллектіні өндіріс пен білім саласына енгізуге тікелей бағытталған. Жалпы Apec Petrotechnic жоғары колледжі биылғы оқу жылында колледждерді трансформациясы бағыты бойынша шетелдік әріптестермен қарқынды жұмыс жасап жатыр.
Тегтер #Атырау #конференция #цифрландыру жүйесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz