Референдум нәтижелері азаматтардың саяси процестерге белсенді араласа бастағанын және елде саяси мәдениеттің көтерілгенін байқатты. «SARAP» эксперттік клубының өкілдері осындай пікірде.
Сарапшылар Астанада жиналып, «Референдумнан кейін: Қазақстанның жаңа институционалдық архитектурасы және мемлекеттің даму траекториясы» тақырыбында ой алмасты. Қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілі Риззат Тасымның айтуынша, жаңа Конституцияның өміршеңдігі, әр Қазақстан азаматының осы конституциялық нормаларды қаншалықты берік ұстанатынына байланысты болады. Атап айтқанда, мамандар билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз ету, саяси бәсекелестікті дамыту және биліктің қоғам алдындағы есеп беру тетіктерін саралады.
Риззат Тасым, қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
- Бұл референдумнан қорытатын екі маңызды мәселе бар. Біріншіден, бұл референдумды 2022 жылдан бері іске асып келе жатқан саяси реформалардың логикалық нүктесі деп қабылдау керек. Өйткені барлық қоғамда талқыланған мәселелер осы Конституция жобасына нақты енгізілді. Екіншіден, саяси қатыстылық деңгейінің артуы да өте маңызды.
Азаматтардың саяси қатыстылық деңгейі артып, саяси мәдениет деңгейі де көтерілгенін байқап отырмыз.
Тегтер #сарапшылар #даму траекториясы #референдум 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz