RU
Толық нұсқаға өту

Мұз жару жұмыстары басталды

16.03.2026, 21:17 44

Ақмола облысында да өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды. Тасқын қаупі жоғары аймақтарда 20 мың шаршы метр мұз ойылды. 

Көкшетауда Қопа өзеніне құятын Қылшақты көлінде де бақылау күшейді. Себебі биыл қар жылдағы мөлшерден көп жауды. Қазір қалада су өткізу каналдары қардан тазартылып жатыр. Көктемгі тасқын шараларын алдын-алуға қалалық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді. 

Ақжол Қылышбаев, қала әкімінің орынбасары:

- Негізі қала бойынша өткен жылмен салыстырған кезде 250 мың текше метр қар шығарылды. Өткен жылы 157 мың болған. Одан басқа, қала ішінде су бұру каналдары бар. Сол бойынша 5 мыңға жуық тазаланып, ол жер қардан және мұздан тазаланды. Мұздың барлығын тазалап, өтетін су құбырларын бәрін аяқтау сатысында тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz