Өскеменде Наурызнама онкүндігі аясында «Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күні» ерекше шаралармен басталды.
Қаладағы барлық мұражайлар мектеп оқушыларына арнап қолөнерден шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.
Мәселен, тарихи-өлкетану мұражайында қолөнер шеберлері ұршық иіріп, тоқыма жіп дайындаудың көне тәсілдерін көрсетті. Он саусағынан өнері тамған әжелер оқушыларға ұршықтың жасалу жолы мен оның қазақ тұрмысындағы маңызы жайлы айтып берді. Мамандардың айтуынша, ұршық тек жүн иіруге арналған құрал ғана емес, ол адамды сабырға, ұқып-тылық пен әсемдікке баулитын ұлттық мұра. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық қолөнердің қыр-сырын танытып, дәстүрлі мәдениетті насихаттау.
Талшын Садуақасова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
- Шеберлік сағаты балаларды біздің дәстүрімізді ғұрыптауға оларды насихаттауға және де шеберлік сағатында апамыз төртінші сынып оқушыларын, балаларымызды осы бір ұршық иіруге үйреткен болатын.
Тегтер #Өскемен #қолөнер #ұлықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz