RU
Толық нұсқаға өту

«Қытай – Орталық Азия баспа орталығы» ашылды

16.03.2026, 22:49 44

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытай – Орталық Азия баспа орталығы» ашылды. Бұл бастама екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өрісін бұрынғыдан да кеңейте түспек.

Орталықтың қызметі бірнеше стратегиялық бағытты қамтиды. Біріншіден, Қытай мен Орталық Азия елдерінің ғылыми және әдеби туындыларын өзара аударып, жариялауға мүмкіндік туады. Екіншіден, бірлескен академиялық зерттеулерді жандандырып, ғылыми басылымдарды дамыту көзделген. Үшіншіден, жас ғалымдар, аудармашылар мен баспа мамандары үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашады. Шара аясында «Трансшекаралық өзендерді халықаралық-құқықтық реттеу» атты үш тілді монографияның тұсауы кесілді. Бұл «Қазақ университеті» баспа үйі мен «Қытай - Орталық Азия баспа орталығының» алғашқы бірлескен жобасы. Шараға Сиань Цзяотун университетінің жетекші, профессорлары мен баспа ісінің сарапшылары, дипломатиялық корпус өкілдері мен белгілі ғалымдар жиналды. 

Жансейіт Түймебаев, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ ректоры: 

- Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында үлкен шара өтіп жатыр. Бұл шарамыз – «Қытай – Орталық Азия» баспа орталығының салтанатты ашылуы. Осы шараға Қытайдан, Си Цзинпиннің отанынан Сиань қаласынан өте құрметті қонақтар келіп отыр. Жас ғалымдар, аудармашылар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашу. 

Ли Чжун, Сиань Цзяотун университеті баспасының директоры:

- Бұл жоба Қытай мен Орталық Азия елдері арасында ғылыми зерттеу жұмыстарды жүргізуге, гумаритарлық ғылымды дамытуға септігін тигізеді. Қытайдың үздік кітаптарын қазақшаға аударып, қазақстандықтарға таныстырамыз. Сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушылары мен ақындардың шығармаларын қытай тіліне аударып, шығаратын боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz