RU
Толық нұсқаға өту

«AMANAT» партиясы үндеу жасады

16.03.2026, 23:25 35

«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты үндеу жасады. Құжат мәтінін партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек оқып берді.

Онда 15 наурыз күні халық тарихи әрі саналы таңдау жасағаны айтылған. Енді партиялықтар су жаңа Ата Заңның нормаларын жүзеге асыруға білек сыбана кіріспек. Іс-шараға онлайн байланыс арқылы өңірлік мәслихаттардағы партия фракциялары қатысты. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтардың басым көпшілігі жаңа Конституцияны қолдағанын атап өтті. Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, оған қатысқан адамдардың 87,15%-ы жаңа Конституцияға дауыс берді. «Мұндай жоғары нәтиже елдің саяси мәдениеті артқанын және Әділетті Қазақстанды құруға деген ұмтылысын байқатады», - деді Ерлан Қошанов.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz