Шығысқазақстандық прокурорлар 317 әлеуметтік қызметкердің құқығын қорғады. Өскеменде мүгедектігі бар адамдардың көмекшілері еңбекақыға қосылатын 6 жарым мың теңге көлемінде экологиялық үстемеақы алмаған.
Тек құзырлы орган өкілдерінің араласуынан кейін жұмыс беруші тарап, яғни қалалық әкімдік еңбек шартын қайта қарады. Енді тиісті төлем биылдан бастап берілмек. Қаражаттың, әлеуметтік қызметкерлердің есепшоттарына уақытылы түсуі прокурорлардың бақылауында болады.
Елдар Етекбаев, қалалық Прокуратураның бөлім прокуроры:
- Қала прокуратурасымен Өскемен қаласының әкімдігі атына ұсыну енгізіліп, осы жылдан бастап, аталған төлемдер бюджетке салынып, төленетіні бекітілді. Ұсыну толығымен қанағаттандырылды.
Тегтер #үстемақы #ШҚО #Өскемен #прокурор #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz