Ақмола облысында 54 жастағы ер адам өзінің 26 жастағы ұлымен бірге есірткі зертханасын ұйымдастырған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Полиция қызметкерлері оларды ұстап, тыйым салынған заттарды тәркіледі. Соның ішінде 200 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор, химиялық реактор және түрлі жабдықтар бар. Еліткіш заттардың көлемі 600 мың дозаға тең.
Данияр Мейірхан, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы:
- Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді. Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған. Полиция есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тосқауыл қоюды жалғастырады.
Тегтер #есірткі #ІІМ #полиция #Ақмола облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz