RU
Толық нұсқаға өту

Кибералаяқ елге экстрадицияланды

17.03.2026, 12:18 40

Бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды.

Бас прокуратура мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматы 2023-2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ірі мөлшерде кибералаяқтық жасауға жәрдемдескен. 

Сыбайластар әлеуметтік желіні пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, өз компаниялары арқылы инвестиция салуға үгіттеген. Түскен қомақты ақшаны өзара бөлісіп, қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Қылмыстық әрекет салдарынан түрлі өңірдегі 75 азаматқа жалпы сомасы 80 млн теңге залал келтірілді.

Іс бойынша 4 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал Қазақстан азаматы халықаралық іздеуде болды. Ол былтыр наурызда Ресей аумағында ұсталып, елге экстрадицияланды. Енді күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz