RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда 12 мың көрерменге арналған стадион құрылысы басталды

17.03.2026, 13:50 50

Ол үшін 10 гектар жер телімі тегістеліп, құрылыс техникалары жұмылдырылған. Стадион УЕФА-ның төртінші санаттағы ойындарын өткізу талаптарына сай жобаланған. 

Мұнда футбол матчтарынан бөлек регби және америкалық футбол жарыстарын өткізуге мүмкіндік бар. Кешен құрамына төрт трибуна кіреді. Олардың астыңғы бөлігінде түрлі спорт секциялары орналастырылады. Құрылысты қаржыландыру облыстық әкімдік есебінен жүргізіледі.

Дархан Тілепберген, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- Шығыс, батыс   трибуналарында халықаралық деңгейдегі БАҚ-на арналған орындар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 200 орын қарастырылған. Бұл стадионда футбол алаңынан бөлек күрес залы, бокс залы, йога залдары, жаттығу және тағы басқа залдар қарастырылған. Құрылыстың негізгі ұзақтығы 18 айды құрайды. Яғни 2027 жылдың жыл соңында тапсыру, пайдалануға беру жоспарлануда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz