Қарағанды облысында көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстары аясында өзендерде мұз жару басталды.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Нұра және Өткелсіз өзендерінде жалпы көлемі 2100 шаршы метр аумақта мұзды жарды. Бұл жұмыстар өзен арнасында сең кептелісін болдырмау және елді мекендерді су басу қаупін азайту мақсатында атқарылуда.
Жалпы облыс аумағындағы өзендерде 8000 шаршы метр мұзды жару жоспарланған. Бұған дейін мұндай жұмыстар Бұқар жырау және Абай аудандарында жүргізілді. Қазір мұз жару шаралары Осакаров пен Нұра аудандарында жалғасып жатыр.
Құтқарушылар тұрғындарға өзен маңында бейсауат жүрмеуге және малды қараусыз жібермеуге кеңес береді.
Думан Дәлешов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқынына дайындық жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бізде 25 шақырымнан астам осы дамбалар мен валдар нығайтылды, 6 шақырымнан астам өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Тегтер #өзен #мұз жару жұмыстары #көктемгі тасқын #ТЖД #Қарағанды облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz