RU
Толық нұсқаға өту

Елордада домбыра үні жаңғырды

17.03.2026, 18:26 130

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.

Елордада 500-ге жуық оқушының қатысуымен «Ұлт үні – Dombyra Sound» атты шара өтті. Фестивальге BINOM мектебінің оркестр мүшелері мен 100-ге жуық жеке орындаушы қатысты. Шығармашылық конкурс екі бөлімнен тұрды. Алғашқы кезеңде жеке орындаушылар дәстүрлі күйлерді заманауи композициямен үйлестіріп орындаса, екінші кезеңде қатысушылар ансамбль және оркестр құрамында өнер көрсетті. Ал байқаудың ақтық кезеңінде қазақтың күй өнеріндегі көрнекті тұлғалар – Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы және Дәулеткерей Шығайұлы күйлері шертілді

Айсұлтан Рахметулла, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейі оқушысы:

- Менің ойымша, қазақы нақыштағы жобаларды, іс-шараларды дәріптеген жөн деп есептеймін. Себебі бұл біздің, біріншіден, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрлеріміз, аспаптарымыз. 

Кенесары Нысанбай, Қадір Мырза Али атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейі оқушысы:

- Жақсы дайындығымыз бар, біздің жетекшіміз Думан ұстаз бізді жақсы дайындап жатыр. Сонымен қоса, мен өзім де өнер көрсетуге барғанмын, онда мен толқыдым. Алайда завучтар мен ұстаздар бізге қолдау білдірді, сондықтан қорқыныш болған жоқ. 

Әділқазылар жас өнерпаздардың шеберлігін, сахна мәдениетін және ұлттық стиль мен заманауи элементтердің үйлесімін бағалады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар жүлделі орын алған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады. Ал фестивальдің ең үздік қатысушысы бас жүлдемен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара ұлттық музыкалық мұраны насихаттап, оқушылардың шығармашылығын дамытады.

Дастан Мұхтар,  BINOM мектептерінің басқарма компаниясының тәрбие бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда бізде жеке орындау бойынша әрбір мектептен 9 баланы іріктедік. Бірақ қатысушылар өте көп болады. Мысалы, бастауыш сыныптарда әрбір мектепте 2000-ға жуық бала оқиды, соның кемінде 500–600-ы домбыраға қызығушылық танытады. Оның 200-і домбыра құлағында ойнай алады. Сондықтан менің ойымша, ұлттық аспап балалардың бойында дарып келе жатыр. Ал бүгінгі фестиваль одан да әрқайсына бір септігін тигізеді деген сенімдемін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz