RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Эстония инклюзивті білім беруден тәжірибе алмасып жатыр

17.03.2026, 19:46 51

Қазақстан мен Эстония педагогтары инклюзивті білім беру саласын дамыту жолдарын талқылады.

Таллиннен Алматыға арнайы келген делегация мектептердегі, қосымша сабақ беретін орталықтар мен инклюзивті білім беру жұмысымен танысты. Бұған дейін алматылық мамандар Эстонияда тағылымдамадан өтіп қайтқан. Таллиннен келген мамандар елдегі қосымша білім беру жүйесінің мықты екенін және шығармашылық үйірмелердің жоғары деңгейде жұмыс істейтінін атап өтті. Әсіресе, оларды STEM бағыттары қызықтырып отыр. Шетелдік мамандар да КЛИЛ (CLIL) инновациялық әдістемесін таныстырды. Бұл тіл мен пәнді бірге оқыту тәсілі Эстонияның білім беру жүйесінде қолданылады. Мамандардың айтуынша, екі елдің бір-бірінен үйренері көп.

Андрей Канте, Таллин қаласының вице-мэрі /Эстония/:

- Бірінші мақсат әрине, тәжірибе алмасу. Себебі біздің тілдік ортаны дамыту бағытында тәжірибеміз бар. Менің түсінуімше, қазақстандық тарап та осы салада білім алуға қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар біз STEM бағыты және қосымша білім беру әдісін үйренуге келдік.

Ардақ Смағұлова, қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының директоры:

- Алматыда 20-ға жуық ірі орталық жұмыс істейді. Бұл жерлерде балалар ұлттық би билеп, домбыра және басқа да аспаптарда ойнауды үйренеді, қолөнерді меңгереді. Сондай-ақ робототехниканы зерттеп, виртуалды модельдер жасайды. Осының барлығы шығармашыл әрі жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz