RU
Толық нұсқаға өту

Шаңырақ күні: ақтөбелік нәрестелерге бесік тарту етілді

17.03.2026, 20:41 38

Ақтөбеде «Шаңырақ күні» дүниеге келген нәрестелерге бесік тарту етілді.

Облыстық көпсалалы аурухананың перзентханасында бүгін 11 сәби дүние есігін ашты. Перзентін дүниеге әкелген аналарға ұлтымыздың киелі мүлігі – бесік табысталды. Жөргек-жаялығына дейін қазақы дәстүрге сай жасалған. Наурызнама күнтізбесінде бүгінгі күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналады. Сондықтан «Бесік тарту» салтын жастарға насихаттауды мақсат еттік - дейді ұйымдастырушылар.

Мөлдір Исалина, қала тұрғыны:

-Төртінші баламды дүниеге әкеліп тұрмын. Үш қыздан кейінгі ер бала көптен күткен. Үш баламды да бесікке бөледім. Рақмет көп-көп. Ең керекті сыйлық деп ойлаймын әр балаға. Бесікке жату керек. 

Ералы Бақтыбаев, облыстық көп салалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Босанған аналардың арасында көп босанушылар да бар және де бірінші босанған аналар да бар. Нәрестелердің денсаулықтары сау. Аналарының қастарында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz