RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция ауыл тұрғындарының құқықтарын қорғайды

17.03.2026, 21:12 39

Жаңа Конституция ауыл тұрғындары мен, пай иелері үшін әлеуметтік әділеттіліктің құралына айналуы мүмкін.

Бұл туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сраптамалық кездесуінде айтылды. Қатысушылар Ата заңның жаңа нормалары аграрлық салада қалай жұмыс істейтінін талқылады. Партия мүшелері қабылданған конституциялық өзгерістер аясында жер үлесі иелерінің құқықтарын қорғау мәселесіне көңіл бөлді. Сондай-ақ жер үлестерін бөлу мәселесінің көпжылдық проблемасына назар аударылды. Партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов, жаңа құқықтық жағдай, ескі жер дауларын шешуге жаңаша мүмкіндік беретінін айтты.

Тазабек Сәмбетбай, ЖСДП төрағасының орынбасары:

- Референдумның барлық процестерін біз қарап отырдық, бақыладық. Содан байқағанымыз халықтың үлкен науқанға белсенді қатысуы. Халықтың нөмпірі өте көп болды. Яғни бұл деген, жаңа конституцияға деген халықтың үміті, аманаты зор. Сондықтан біз бұл аманатты, елдің бізге беріп отырған жауапкершілігін сезінуіміз керек. Қазір ЖСДП Жаңа ата заң негізінде өзінің ұсыныстарын дайындап жатыр.

Максұт Насибулов, ЖСДП орталық аппаратының басшысы:

- Бұл Конституцияда 8-бабында жер және оның байлығы халықтың иелігінде, бірақ оның құқығын мемлекет жүргізеді дейді. Осы тарапта пайшылар мен қосалқы шаруашылық иелері өздерінің жерге деген құқығын қорғау және де мынау қосалқы шаруашылық заңын енгізу, яғни, біздің фракция тарапынан ұсыныс жасау. Конституция біреудің құқығы тапталуына жол бермейді. Сондықтан да біз заңға ұсыныс береміз. Мына барлық тараптардың құқығы қорғалу үшін барлық жұмыстарды жасаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz