Солтүстікте мұз жару жұмыстары басталды. «Жарылған мұз жағаға зақым келтірмейді әрі тоғандарды бұзып кетпеуге сеп», - дейді мамандар.
Төтенше жағдайлар қызметі Петропавлдың өз басы мен 7 ауданда тасқынға қарсы шаралар атқарып жатыр. Жергілікті бюджеттен 83 млн теңге бөлінген.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Синоптиктердің айтуынша, Қазір Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 50 см дейін жетеді. Ертең күн жылынып сең жүрсе, мұз кептеліп, Есіл өзені арнасынан асып кетуі мүмкін.
Осыған байланысты құтқарушылар алдын алу шараларын бастап кетті. Мұз жару жұмыстары судың көтерілу қаупі жоғары – Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Қызылжар, Ақжар, Уәлиханов аудандары мен облыс орталығында жүргізіледі.
Асхат Алмұқан, мердігер ұйым өкілі:
- Петропавлдағы көпір маңында мұз 3 жерден жарылады. Бұл 6 мың шаршы метр аумақ. Оның ішінде Есіл өзенінің бұрылысы ды бар. Одан кейін мұз кептелісін жою жұмыстары жүргізіледі.
Биыл облыс бойынша мұз жаратын 41 орын белгіленді. Оның басым бөлігі Есіл өзенінде атқарылады. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар ең алдымен көпірлердің маңы мен арна бұрылыстарында өткізіледі.
Дәурен Таубаев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Мұз, әрине, кептеліп қалуы мүмкін. Ол біздің өзен арнасының таяз жерлерінде және мына көпірлер, автокөлік көпірлерінің астында бұл автокөлік көпірлері және біздің гидротораптарда жақын жерлерде жарылыстар болмағандықтан, осыған дейін біз механикалық кесу жұмыстарын жүргіздік.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері көктемде су басуы мүмкін деген 112 елді мекенді бақылауға алды. Синоптиктердің болжауынша, өзен-көлдер еріген қар суынан сәуірдің басында көтеріле бастайды.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Тегтер #мұз жару #ТЖД #өзен көл #ПетропавлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz