RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» шеруі ұйымдастырылды

18.03.2026, 15:05 56

Қызылордада Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлт мұрасы – ұлттық киім» атты шеру өтіп жатыр. Мұнан бөлек «Бұрымды ару» байқауы, «Бүрме көйлек» секілді дефиле шоу ұйымдастырылды.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Қазақтың ұлттық киімі – дәстүр мен мәдениеттің айнасы. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ киімінің тарихынан сыр шерткен көрме-экскурсия өтіп жатыр. Қазақтың ұлттық киімдеріндегі әр ою мен өрнектің, оған таңдалып алынған матаның да өзіндік мәні бар. «Бұл – этникалық, экономикалық әрі табиғи ерекшеліктерден сыр шертеді», - дейді мамандар. Ал қаланың өнер арбатында ұйымдастырылған «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» шеруіне ондаған қала тұрғыны қатысты. Олар күнделікті киіп жүруге ыңғайлы шапан, Камзол мен кеудешенің заманауи үлгілерін паш етті. Бүгінде уақыт талабына сай әсем ою-өрнекпен көмкерілген киімнің түрлі сәндік үлгісін табуға болады. Бұрынғыдай тек айтулы мерекелерде ғана емес, күнделікті тұрмыста, жұмыс кеңсесінде киіп жүретіндердің де қатары артқан. «Бұл креативті қолөнерші, тігінші, дизайнер еңбегінің жемісі десек болады», - дейді ұйымдастырушылар.

Айдын Қайруллаев, Қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күні Қызылорда облысының барлық аудандарында, ұжымдарда аталып өтілуде. «Бұрымды ару» байқауы, «Бүрме көйлек» дифеле-шоуы, музейлерде көрме-экскурсия, «Ақ кимешек» байқауы секілді шаралармен жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz