Атырауда ұлттық киім күніне орай 4 мыңға тарта тұрғын қазақы нақыштағы киімдерін киіп, шеруге шықты. Дәстүрге айналып келе жатқан іс-шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Асланбек Шығыр, тілші:
- Бүгін нағыз ұлттық құндылықтар дәріптелген күн болды. Тұрғындар бір-бірімен көрісіп, арқа-жарқа болып жатыр. Мерекелік көңіл күй керемет. Қазір Сұлтан Бейбарыс алаңына 4 мыңға тарта тұрғын ұлттық киімін киіп, сәні мен салтанаты жарасып жиналып жатыр. Осы жерден басталған шеру Қаныш Сәтпаев даңғылымен жүріп өтіп, Исатай-Махамбет алаңына барып тоқтайды. Алдыңғы саптағы батырлар көк Туды желбіретіп, көштің көркін ашып келеді. Этно-мәдени бірлестіктер мен 70-ке тарта мекеме өкілдері шараға белсене қатысып, қазақтың ұлттық киімдерін киіп шыққан. Жаңа айтқандай, бұл іс-шара дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Былтыр 3 мыңға жуық тұрғын жиналып, осы шеруге қатысқан еді. Шеру Исатай-Махамбет алаңына қарай бет алып барады. Мына Қаныш Сәтпаев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелген. Осы көш алаңға жеткеннен кейін сол жерде тұрғындарға концерттік бағдарлама ұсынылады. Эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, іс-шараның көркін қыздырады.
Тегтер #шеру #ұлттық киім #дәстүр #АтырауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz