RU
Толық нұсқаға өту

Мектептен мемлекеттік қызметке дейін

18.03.2026, 16:29 43

«Шенеунік болуға мектеп қабырғасынан-ақ даярлануға болады. Жоғары сынып оқушыларына сондай мүмкіндік бар», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай. 

Елде Президенттік жастар кадр резерві құрылған. Соның аясында үш жылдан бері GPI нәтижесіне қарай ауыл-аймаққа жетекшілік қызметке баруға жағдай жасалған. Сондықтан сингапурлық моделге сүйене отырып, мемлекеттік қызметті қалайтын 10-11 сынып оқушыларын да баулуға болады. Оларды оқу гранттары арқылы тарту жоспарланған. Дархан Жазықбай аталған салаға қажет мамандарға талдау жасалғанын және соған сәйкес жеткіншектерді мектептен бастап әзірлейтінін жеткізді. Ал қазіргі таңда мемлекеттік қызметте 27 мың 500 жас жұмыс істейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz