Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Ата Заң мәтінін әзірлеуге атсалысқан депутаттық корпусқа алғыс айтты.
Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы Мәжіліс отырысында ол Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында батыл қадам жасалғанын атап өтті. Ерлан Қошановтың сөзінше, жаңа Конституцияға дауыс берушілердің 87% қолдауы – халықтың Мемлекет басшысына деген зор сенімінің айқын дәлелі. «Ата Заңға тікелей ұйытқы болып, оған көптеген прогрессивті новелла енгізген Президенттің нағыз жеңісі», - деді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Кеше Президент Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Біздің негізгі жұмысымыз енді басталады. Депутаттар корпусы қысқа мерзім ішінде конституциялық өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан бекітуді қамтамасыз етуі керек. Жақын арада бірқатар заң жобасы Парламент қарауына енгізіледі. Бұдан бөлек, Президентіміз бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жариялау жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан депутаттарға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Жаңа Конституцияның нақты іске асуын қамтамасыз ету – бізге бұйырып отырғаны зор мәртебе.
Тегтер #президент #Ерлан Қошанов #депутаттар #мәжілісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz