RU
Толық нұсқаға өту

Бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды

18.03.2026, 21:11 44

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент атынан Конституциялық комиссияның бірқатар мүшесіне, БАҚ және қоғам өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. 

Атап айтқанда, Конституциялық Сот судьясы Қайрат Жақыпбаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймар-данов, Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аят Сүгірбай «Парасат» орденіне ие болды.

Jibek Joly телеарнасының директоры Еркежан Күнтуған «Құрмет» орденімен наградталды. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры Алмас Жұмағали Uni-Q Group медиахолдингінің бас директоры Мұхамедқали Тауан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Жанар Санхаеваға, Президенттік мәдениет орталығының маманы Дастан Қонысбаевқа Президенттің алғысы жарияланды. Ерлан Қарин марапат иелерін құттықтап, референдумда азаматтарымыз қабылдаған жаңа Конституция біздің қоғамның президенттік реформалар төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін тағы бір мәрте растағанын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz