RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде жарты ғасыр бұрын салынған ескі көпір бұзылып жатыр 

18.03.2026, 21:16 42

Қаладағы тұрғын үй аудандары мен өндірістік аймақты жалғап келген маңызды өткелдің тіреулері былтыр күзде сапасыз жүргізілген жөндеуден кейін опырылып түскен еді. 

Осыған байланысты жергілікті билік нысанды қайта қалпына келтіру тиімсіз деген шешім қабылдап, көпірді толықтай бұзуға кірісті. Қазіргі уақытта алматылық жобалаушылар жаңа көпірдің жобасын әзірлеп жатыр. Құрылыстың нақты құны алдағы уақытта есептеледі. Қала үшін стратегиялық маңызы зор жаңа өткел республикалық бюджет есебінен салынады. 

Ержан Ибраев, қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта ескірген нысанды сүріп, жаңа көпір салу бойынша жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа өткелді биыл қаржы бөлінуіне қарай бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz