Қарағандыда Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты сәнді дефиле ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және дәстүрлі киім үлгілерін заманауи бағытта жаңғырту. Дефиледе қазақ халқының бай мұрасын танытатын түрлі киім үлгілері кеңінен көрсетілді. Сахнада қыз баланың бүлдіршін шағынан бастап, ақ жаулықты әжеге дейінгі, сондай-ақ ер азаматтың балалық шағынан дана қария жасына дейінгі киім үлгілері ұсынылды. Ұлттық киімдердің эстетикалық көркемдігі мен терең тәрбиелік мәні көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық сән тек өткеннің мұрасы ғана емес, бүгінгі күнмен үндесіп, заманауи стильге бейімделе алатын маңызды құндылық.
Зоя Каникар, шығармашылық топтың жетекшісі:
- Қазіргі таңда 35 топтама әкеліп тұрмын. Бұл жерде жай ғана топтама емес, әр жасқа сай, ерекшелігіне сай, аға буынның, жеңгенің, әженің образы бар. Жігіт қандай киім киген, қалыңдық қандай киім киген, оның жай ғана бір сыртқы киім емес, шыт көйлек, бүрмелі етек, қос етек, жарма бұрым, сәукеле, былғары етік, белдемше, әшекейінің барлығы ойластырылған.
Тегтер #Қарағанды #ұлттық киім #дефилеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz