Ән мен күй, ду-думан, мерекелік шоулар. Наурыз мейрамында елде өтіп жатқан барлық мерекелік іс-шараларды, яғни өңірлер, аудан, ауылдардағы тамашаны түгелдей үйде отырып көре аласыз. Биылғы Наурыз Digital форматта өтіп жатыр.
Digital Nauryz шын мәнінде күллі қазақстандықтарды ұйыстырды. Өңірлер мен ауыл-аймақтағы мерекелік іс-шаралар онлайн-платформада көрсетіліп жатыр. Шығыс пен батыстағы, теріскей мен күнгейдегі наурыз думан көпшілік жадында қалары анық.
Алмас Көпжанов, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының Smart City бағытының бас менеджері:
- Осы жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы, сондықтан да біздің наурыз мерекесін тойлау, барынша digital наурыз форматында өткізілуде. Өңірлерде барлық шаралар өткізіліп жатқанда, өздеріңіз білетіндей, наурызнама жыл сайын тойланады. Ол жерде өзінің шаралары бар, ұлттық ойындар деген сияқты. Осы жылы сол барлық шараларды барынша цифрлық форматқа, цифрлық айдентикамен қоса өткізу бойныша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Мерей Мұратханқызы, тілші:
- Міне, Digital Наурыз платформасына кәдімгі Gov.kz порталы арқылы кіреміз. Мереке лебін бірден байқауға болады. Жаңалықтар, іс-шаралар жоспары назарымызда. Ендеше, тікелей эфирге кіріп көрейік. Дәл қазір Шығыс Қазақстан мен Ұлытау облысында іс-шара болып жатыр. Міне, Ұлытау төрінде ыстық бауырсақ пісіріліп жатқанын байқап отырмыз.
Иә, Наурызнама онкүндігі аясында мәдени, әлеуметтік, спорттық бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр. Бір ғана Астанада 200-ден аса іс-шара жоспарланған. Бүгінгі Жаңару күніне орай елордалық тұрғын үй кешендерінде ауқымды қар тазалау жұмысы жүргізіледі.
Мерей Мұратханқызы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz