Бүгін наурызнаманың алтыншы бөлімі - Жаңару күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп бекіткені белгілі. Мақсат анық - Әлемдік дамудан қалып қоймай, алға ұмтылу. Наурызнама да барынша цифрландыруды қамтиды. Ал бүгінгі Жаңару күні биылдан бастап цифрлық трансформацияны насихаттайды.
Бұл күні барлық өңірде цифрлық даму бағытындағы AI, IT, VR, роботехника саласындағы жобалар таныстырылады. Елдегі жаңашылдықтар, ғылыми үдерістер, оқушылар мен студенттердің интеллектуалды еңбегі көрініс табады. Наурыз сөйтіп жаңаша сипат алады. Аста-төк мейрам, ән мен биге жалғасқан ду-думан қазіргі заманның беталысымен біте қайнасып, бірге түрленуді діттейді.
Тегтер #наурызнама #Наурызнама онкүндігі #Жаңару күні #22 наурыз #Наурыз мейрамы #Ұлыстың ұлы күні #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz