RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте цифрлық технологиялар көрмесі өтіп жатыр

19.03.2026, 13:50 68

Шымкентте «Наурызнаманың» онкүндігі аясында цифрлық технологиялар көрмесі басталды.

Мұнда білім беру саласындағы соңғы IT жетістіктер мен инновациялық тың бастамалар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар оқушылардың робототехникадағы толағай табыстары мен жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылып жатыр. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

- «Наурызнама» онкүндігінің «Жаңару күніне» орайластырылған бұл көрме жаңғыртылған білім беру жүйесін таныстыруды мақсат етеді. Интеллектуалды инновациялық алаңда жүзден астам тың жоба ұсынылған. Сонымен қатар соңғы технологияларға әуес 500-ден астам озық ойлы оқушылар мен педагогтар арнайы қатысып жатыр.

Көрмеде жасанды интеллектіге негізделген білім берудің автоматтандырылған бағдарламаларынан бастап, интерактивті цифрлық жүйенің авторлық туындыларына дейін ұсынылған. Әсіресе оқушылардың үлгерімін интеллектуалды түрде талдайтын жүйе көпшіліктің жоғары қызығушылығын тудырды. Жас зерттеушілердің айтуынша, бұл технология әр балаға жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ химия мен физика пәндерін виртуалды ортада меңгеруге арналған жобалар да келушілердің көңілінен шықты. Бұдан бөлек, экология, медицина мен әлеуметтік салаға арналған робототехникалық жобалар таныстырылды. Сала мамандарының айтуынша, бұл көрме жас стартапшылар мен педагогтарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

- Айта кетейік, көрме аясында тек инновациялық жетістіктер паш етіліп қана қоймай, кәсіби мамандар мен педагогтар арасында тәжірибе алмасуға арналған пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. «Жалпы, білім беруге енгізілген бұл заманауи технологиялар интеллектуалды әлеуетті нығайтуға серпін береді», - дейді олар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz