Өрттің шығуына көбіне не себеп болады?
Төтенше жағдайлар министрлігінің статистикасына үңіліп көрсек. Қызыл жалынның үштен бір бөлігіндейі жылу жүйесі, яғни пештер мен жылыту қазандығындағы ақау салдарынан болады. Электр сымының қысқа тұйықталуынан ауыр салдарға апаратын жайттар да жиі тіркеледі. Мұндай оқиғалар өрт статистикасының ширегін құрайды. Абайсызда от шығып кететін жайттар 15-20 пайыз болса, қасақана өртеу 5-10 пайыз. Ал газ жарылысы салдарынан шығатын өрт 5-8 пайыз шамасында. Тағы бес пайызы аптап ыстықта болатын дала өрті мен найзағайдан болады.
Қазақстандағы өрт статистикасы
СЕБЕПТЕР %
Жылыту жүйесіндегі ақау (пеш, қазандық) 30–35%
Электр сымының қысқа тұйықталуы 20–25%
Отты абайсыз қолдану 15–20%
От қою, өрттеу 5–10%
Газ жарылысы 5–8%
Табиғи себептер (найзағай, дала өрті) 5%
Тегтер #алапат өрт #себеп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz