Екібастұз ресми түрде моноқалалар тізімінен шығарылды.
Бұл шешім 78 экономикалық көрсеткіш бойынша жүргізілген кешенді талдау нәтижесінде қабылданды. Қазір қала тек көмір өндірісіне тәуелді емес, көп салалы индустриялық орталыққа айналды. Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 триллион теңгеге жетіп, Павлодар облысындағы үлесі 40 пайыздан асты. Ал инвестициялар көлемі жоспарланған 737 миллиард теңгенің орнына 1,5 триллионға дейін ұлғайды. Қалада екі ферроқорытпа зауыты ашылып, құны 500 миллиард теңге болатын электрометаллургиялық зауыттың құрылысы жүріп жатыр. 2028 жылы іске қосылатын кәсіпорын жылына 1 миллион тонна өнім өндіреді. Кейінгі бес жылда 12 мың жұмыс орны ашылып, үй құрылысы мен бюджет кірісі айтарлықтай артты. Осылайша Екібастұз тұрақты әрі әртараптандырылған экономикасы бар қалаға айналды.
Жәнібек Шәйдікерім, ҚР ҰЭМ өңірлік даму департаменті директорының орынбасары:
-Талдау нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары Екібастұз қаласының экономикасы айтарлықтай әртараптанып келеді. Қала бұрынғыдай бір ғана салаға тәуелді болмай бірнеше бағытта дамып жатыр. Өнеркәсіп көлемі өсіп, инвестиция тарту қарқыны да жоғары болды. Осыған байланысты 26-шы жылдың 10-шы наурызында қабылданған шешімге сәйкес Екібастұз моноқалалар тізімінен шығарылды. Нәтижесінде елімізде олардың саны 20-дан 19-ға қысқарды. Бұл шешім қаланың экономикасы жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді.
Тегтер #Екібастұз #моноқала #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz