RU
Толық нұсқаға өту

Елде апатты тұрғын үйлер көбейді

19.03.2026, 19:11 41

Былтыр елде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер саны 7 пайызға артып, 2 мың 600-ге жетті.

Мұндай ахуал қалалық жерде де, ауылда да байқалды. Авариялық тұрғын үйдің жалпы ауданы 834 мың шаршы метрге дейін ұлғайды. Бұл баспаналарда 50 мыңнан астам адам тұрады. Былтырмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Апатты үйлердің көбеюі тұрғын үй қорының тозғанын білдірсе, екінші жағынан, бұл тексеру жұмыстарының жанданғанын көрсетеді. Нысанға апаттық мәртебе берілгенде ғана реновация мен көшіру бағдарламалары іске қосылады. 

Виктор Микрюков, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының басшысы:

- Тұрғын үйді қайта жаңғырту мәселесінің өз күрделілігі бар. Мысалы белгілі бір тұрғын үйге құрылыс компаниясының өкілдері келіп, барлық пәтерді сатып алуға немесе мүлік иелеріне басқа жерден жаңа баспана ұсынуға дайын екенін айтады. Бұл ұсынысты 100 тұрғынның 99-ы қабылдап, біреуі қарсы болса реновация жұмысы сол жерде тұралап қалады. Көп жағдайда қарсы болғандар үйінің құнын нарықтық бағасынан бірнеше есе жоғарылатып жібереді. Мұны мемлекеттік деңгейде реттейтін арнайы жүйе керек.

Өңірлер бойынша ахуал әркелкі. Мәселен, Атырау облысында 705 апатты нысан бар. Онда 13 мыңнан астам тұрғын өмір сүріп жатыр. Бір жыл ішінде облыстағы апатты үйлер 49 бірлікке артқан. Ақмола облысында 270 апатты тұрғын үй тіркелген. Ал Батыс Қазақстанда - 262 үй, оның ішінде бір жылда 55 бірлікке өскен. Абай облысында 191 апатты үй бар. Астана қаласындағы көрсеткіш те осындай. Ел бойынша ең аз апатты нысандар Алматы, Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелген.

Елдегі апатты тұрғын үйлердің саны

Өңірлер                             Нысан

Атырау                               705

Ақмола                              270

БҚО                                      262

Абай                                    191

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz