RU
Толық нұсқаға өту

Алдағы үш жылда энергетика және коммуналдық сектор толық жаңартылады

19.03.2026, 19:26 41

Елде алдағы 3 жылда энергетика және коммуналдық сектор толық жаңартылады.

Бұл мақсатқа қазынадан 60 млрдқа жуық қаржы қарастырылды. Нәтижесінде коммуналдық активтердің орташа тозу көрсеткішін 40%-ға дейін төмендету, апатты деңгейін 20%-ға азайту көзделіп отыр. Саладағы салмақты түйткілдер бүгінгі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын цифрлық трансформациялау, "Smart Turmys" платформасын іске қосу жолдары қаралды. Ресурстардың өндірілген жерінен тұтынушыға дейінгі шығынын қадағалайтын өтпелі мониторинг жүйесін енгізу жайы да сөз болды.

Дүйсенбай  Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Биылдан бастап бізде осы энергетика осы ұлттық жобаның ішіндегі бір жоба ол мына электр және су, жылу есептегіштерін орнату мәселесі. Оған бюджеттен 60 млрдқа жуық қаржы бөлінген. Сол қаражатты тиімді пайдалану мәселесі одан кейін осы есептегіштерді орналастыратын, жауапкершілігі кімде болатынын осы мәселеді біз қадағалап осы жерде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz