«Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды». Бұл - қазақстандық Nomad Stunts каскадерлері.
Қазақтың батыр қыз-жігіттерінің өнеріне шетелдіктер көп қызығады. Талай той-думанның көрігін қыздырып, фильмдерде қауіпті трюктер жасайды. Олар тақауда ғана Үндістаннан оралды. Мұнда экшн фильмге түскен. Ал күзде Литваға жол тартады.
Неліктен шетелдік кино режиссерлардың таңдауы қазақстандық каскадерлерге түседі? Себебі ат үстіндегі қойылымдар бойынша қазір Nomad Stunts каскадерлік тобына әлемде тең келетіндер аз. Біздің жігіттер ат құлағында ойнайды. Жылқы – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымындағы ең қасиетті, «төрт түліктің төресі» саналатын жануар. Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновтің айтуынша, осының бәрі қазақтың қанына сіңген, көшпелілер өркениетінен жеткен қасиет. Жетістіктің кілті осында жатыр.
Жайдарбек Күнғожинов, Nomad Stunts Каскадерлер тобының жетекшісі
- Біз көбінесе үлкен Голливуд проекттерінде істейміз. 47 ронинов, Неудержимые, Конан-варвар енді сондай үлкен Мулан. Қазір де 1-2 жобамыз бар, міне таяуда бітіргеніміз Серый дом деген.
Nomad Stunts еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің кино индустриясында аты шыққан кәсіби каскадерлер тобы. 2000 жылы құрылған. Құрамында - 73 адам. Оның - үшеуі қыз. Бүгінде Голливуд, Болливуд пен әлемдік кино алаңдарында жоғары деңгейдегі трюктер орындап, қазақстандық брендке айналды.
Мұрат Елкенов, каскадер:
- «Номад» тобында 18 жыл болды жұмыс істеп жатқаныма. Осы жақын арада Үндістаннан келгем. Бір проекте жұмыс істеп келдік исторический индиский кинода. Сол проекте хорсмастердің ассистенті болдым, дублеры болдым главный геройдың. Сол аттармен, аттың үстінен құлап, атпен бірге құлап сондай трюктар жасап, троспен ат үстіне секіріп, ұшып, ат үстінде тұрып алып 2-3 метр биіктікке секіріп, сондай сахналар болған. Соны істегенбіз.
Nomad Stunts мүшелері «Марко Поло», «Мулан», «Великолепная семерка», «Томирис», «Көшпенділер», «Орда» сияқты ірі жобаларға қатысып, ұлттық каскадерлік мектептің шеберлігін дәлелдеді. Сонымен қатар НВО және Netflix және Дисней компаниясымен бірлескен жобалары тағы бар. Олар ежелгі түркі жауынгерлерінің салт-дәстүрін, ат үстіндегі айла-шарғыларды және күрделі шайқас сахналарын шынайы көрсетуімен ерекшеленеді.
Есболат Әбдіберік, каскадер:
-Өзінің қиын жақтары да болады, жеңіл жақтары да болады. Қыстың күні суық, жаздың күні ыстық. Аттармен шауып келе жатқан кезде, аттың басын тартып қалған кезде, аттар кейде құлағысы келмейді деген сияқты моменттер болады. Аттармен жұмыс істей білу керек.
Жігіттер Алматы облысы Есік қаласы маңында орналасқан жаттығу алаңында дайындалады. Ол жерде 40-тан аса жылқы бар. Касакдерлар мінетін аттар құлын кезінен үйретіледі.
Жайдарбек Күнғожинов, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі
- Жарылыс, сосын қасында камера жүреді, дрондар ұшады оны үлкен аттарды да үйретеміз. Бірақ жас аттар тез үйренеді.Үлкен аттарды да үйрете береміз. Өзімізде дрон бар, машина бар сосын звуковой эффект дейміз ғой бірінші колонкамен бастаймыз. Сосын воздушный подушка қоямыз. Соған үйретеміз сосын трюктерге үйретеміз, аттың үсті жанады, одан үркімеуге үйретеміз.
Nomad Stunts Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасында көрсеткен трюктері үшін «Таурус» сыйлығының иегері атанды. Бұл әлемнің үздік экшн мамандарына беріледі. Бұны каскадерлердің «Оскары» деп те атайды.
Қарлығаш Қайыпбекова, Сержан Жұмабаев
Тегтер #каскадер #жылқы #Nomad Stunts #кино #режиссерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz